Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
1. тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдаяттарға байланысты ешқандай кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушыларға тең қолжетімділік;
2. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі бюрократия мен қағазбастылық көріністеріне жол бермеу;
3. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі есеп берушілік пен ашықтық;
4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. мемлекеттік қызмет көрсету процесін ұдайы жетілдіру;
6. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
Қосшы қаласының «Күншуақ» балабақшасында мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі:
1. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейінгі) мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.
2022 жылы -37 қызмет көрсетілді, оның ішінде – «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы – 37, «электрондық үкімет» порталы арқылы – 0.
2. «Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тіркеу»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)
2022 жылы akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы -37 қызмет көрсетілді - 37, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы -0.
2022 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында Қосшы қаласындағы «Күншуақ» балабақшасы "Нур-Дос-2015" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
Қосшы қаласы, Дәулеткерей көшесі, 2 , Қосшы қаласының «Күншуақ» балабақшасы «Нур-Дос-2015» ЖШС, байланыс телефоны: 87750000643 электрондық пошта мекенжайы: ainalaiyn22@gmail.com
Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Меңгеруші: Какимова Шырын Багдатовна